Конституция күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар, әріптестер, студенттер!

Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесінің бірі – Конституция күнімен құттықтаймын!

Осыдан жиырма бес жыл бұрын, тамыздың 30-ында мемлекетімізде тарихи шешім қабылданып, еліміздің Конституциясы бекітілді.
Осы уақыт ішінде Қазақстанның Ата Заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді.
Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді құрметтеу бәрі-бәрі Ата Заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаруа.
Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғарғы беделі – бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бейбітшілік сүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылығымыздың нәтижесі.
Сондай-ақ, Ата Заңымызда көрсетілгендей әрбір адамның құқықтарының ішіндегі ең жарқын, адамға қуат сыйлайтын бабы – білім алу құқығы. Осы жолда біз де мемлекетіміздің білім саясаты аясында түркі халықтарына ортақ оқу орын- Қожа Ахмет Ясауи университеті 30 жылға жуық уақытта 75 000-ға жуық түлек шығарып, елімізге медицина, экономика, құқықтану, педагогика, филология, жаратылыстану ғылымдары сынды бсқа да түрлі сала бойынша мамандар даярлап, өз үлесімізді қосып келеміз.

Осы мереке күні елімізге өсіп өркендеу және бейбіт өмірді тілеймін.
Отбасыларыңызға аман-саулық, бақыт, түсінушілік, сенім және Отанымызға жарқын болашақ тілеймін!

Б.С.АБДРАСИЛОВ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университетінің ректоры                     

Напишите свой вопрос

 

×