Жаһандық SEE THE FUTURE форумы өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов 19 қараша күні «SEE THE FUTURE» атты жаһандық форумға қатысып, университетіміз және оның даму перспективалары туралы ақпарат берді. Форум Research Support Center бастамасымен және ғылым саласында қызмет көрсететін әлемдік жетекші компания- ENAGO-ның қолдауымен ұйымдастырылған. Алқалы жиынға QS (Quacquarelli Symonds) халықаралық рейтингтік агенттік пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, университет ректорлары, ТМД елдерінің білім және ғылым саласындағы сарапшылар қатысты. Форум аясында QS World University Rankings компаниясының негізін қалаушы әрі президенті Нунцио Квакварелли сөз алып, Қазақстан және Орталық Азия елдері университеттерінің әлемдік рейтингтегі жағдайы мен перспективалары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, білім және ғылым-зерттеу сапасын арттыру жолдарына қатысты пікірлерімен бөлісті. Форумды білім және ғылым саласындағы белгілі сарапшы Алия Оспанова жүргізіп отырды.

Напишите свой вопрос

 

    ×