Университет қызметкерлері облыс үздіктері атанды

2020 жыл Қожа Ахмет Ясауи университетінің даму жолында ерекше есте қаларлық жыл болды. Оқу ордамыздың дәл осы жылы жеткен жетістіктері ауызға толтырып айтарлықтай. Сан саланың үздіктері атандық. Жылдың соңғы күнінде тағы бір қуанышты жаңалықпен бөліскелі отырмыз. Университетіміздің дамуына өз үлестерін қосып жүрген қызметкерлер үздік марапаттарға ие болды. Университет ректоры Болатбек Абдрасилов Түркістан облысы әкімінің марапатына ие болған қызметкерлерді қабылдап, марапаттарымен және жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Түркістан облысының жыл қорытындысы бойынша университетіміздің Әлеуметтік қолдау және тәрбие істері жөніндегі вице-президенті Әміреқұл Абуов Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 құркүйектегі жарлығы бойынша «Халық алғысы» мерекелік медалімен наградталды. Ал ф.ғ.к, профессор Бекжігіт Сердәлі Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстанның халық әртісі, университетіміздің профессоры Қажыбек Бекбосынов Түркістан облысы әкімдігінің жыл қортындысы бойынша Облыстық мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін 2020 жылдың «Үздік дәстүрлі әншісі» номинациясының иегері атанды. Одан өзге, оқу ордамыз ғылыми жетістіктермен де көзге түсті. Университетіміздің Ғылымды коммерцияландыру департаментінің директоры Ержан Керімбеков Түркістан обылысының адами әлеуетті дамыту саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін 2020 жылдың «Үздік жас ғалымы» номинациясының иегері болып танылды.
Марапаттарға ие болған мамандарға Халықаралық университетінің ректоры Б.Абдрасилов жылы лебізін білдіріп, еңбектерінің жана беруіне тілекші екендігін жеткізді.

Напишите свой вопрос

 

×