«Public policymaking» кітабы қазақ тілінде

Қ.Р Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің Мемлекеттік басқару және аймақтық даму бағдарламасының жетекшісі Масадиков Хайрулла Ғайбуллаұлы ағылшын докторы Андерсон Э. Джеймстың 448 беттік «PUBLIC POLICYMAKING» (Мемлекеттік саясат) кітабын қазақ тіліне аударды.
Мемлекеттік саясаттың негіздеріне арналған бұл еңбек саясат қалыптастыру жəне заң дайындау процесіне ден қояды. Кітапта мәселені анықтауға, күн тəртібін белгілеу мен мемлекеттік саясатты қалыптастыруға түрлі факторлардың қалай əсер ететіні сараланады. Əр тарауда негізгі ұғымдар мен идеялар қарастырылып, олардың қалай қолданылатыны нақты мысалдар негізінде талданған. АҚШ-тың мемлекеттік саясатындағы процестерге басымдық берген бұл басылымда экономикалық дағдарыс жағдайында шешім қабылдау мәселесі, сондай-ақ, мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы Обама əкімшілігі мен Буш əкімшілігінің ерекшеліктері салыстырылады. Оқулық саясаттану мамандығын таңдаған студенттерге және мемлекеттік саясат туралы тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.
Айта кетейік, аударылған кітаптың 10 000 данасы басылып шығып, Қазақстанның барлық университет кітапханаларына жолданды.

Напишите свой вопрос

 

×