Дзюдошылар жылды табысты аяқтады

Желтоқсан айының 29 күні «Түркістан-арена» орталық стадионында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің спортшы студенттері марапатталды.

Жиынға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, Түркістан облыстық дзюдо федерациясының президенті Болатбек Абдрасилов және І вице президент Женгиз Томар, Түркістан облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Жолдықараев және басқарма орынбасары А.Бердашев, бапкерлер мен спортшылар қатысты.

Жиында Түркістан облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Жолдықараевтың есебі тыңдалды. Есепте облыстың спорт саласы жылды табысты аяқтап жатқаны мен алдағы жылдары өтетін Олимпиадға дайындық мәселелері де айтылды.

Дзюдо күресінен Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республикасының біріншілігіне қатысып, жүлделі орындарға ие болған университетіміздің мақтаныштары — жеңімпаздар Хамза Дидар мен Севара Нышанбаева, 3-орын иегері Нуридин Ерахан және 2-орын иегері Жақыпбекова Перизатты университет ректоры, дзюдо федерациясының президенті Болатбек Абдрасилов және І вице-президент Женгиз Томар жеңістерімен құттықтап, марапаттады.

Басқосуда чемпиондарға және бапкерлерге ректор Б.Абдрасилов университетіміздің Өкілетті кенес төрағасы М.Шимшектің құттықтауын жеткізіп, университет басшылығы атынан алғыс хат және қаржылай сыйлық табыстады. Сонымен қатар үздік бапкерлер де қалыс қалмады. Бабы келіскен спортшылардың бапкерлеріне арнайы марапаттар табысталды.

Напишите свой вопрос

 

×