
2020 жылдың 24 желтоқсанында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде алғашқы рет онлайн форматында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» (АРТА) сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс жүргізді.
Осыған орай, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 29.12.2020ж. күнгі №9157 санды хатына сәйкес университетімізде Институционалды постаккредитациялық мониторингтың сәтті өткендігі туралы мәлімдейді.
Университет осы жетістікке өз үлесін қосқан әріптестерге, оқу орнының ұжымына шексіз алғысын білдіреді.
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент