Қос студентіміз Жыл үздіктері қатарында

Жыл ақжолтай жаңалықтармен басталуда. Университетіміздің қос бірдей білімгері Жыл үздіктері атанып мерейімізді тасытуда. Оқу ордамыздың «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті журналистика мамандығының 2 курс студенті Бектұрова Сандуғаш Қазақстан Республикасы жастар саясатына қосқан үлесі және дарындылығы мен көшбасшылық қабілеті үшін «Жылдың Үздік Студенті» атты төсбелгісімен марапатталды. «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған Халықаралық «ҮЗДІК СТУДЕНТ» жобасы аясында шығарылған «Қазақстанның үздік студенті-2020» атты талантты студенттердің кітап жинағына студентіміз Сандуғаштың да еңбегі енді.

Сонымен қатар дайындық бөлімінде білім алып жатқан тыңдаушымыз Бекболат Тілеуберген «Асыл мұра» бағыты бойынша үздік жас волонтер атанып, «Жыл үздігі-2020» премиясымен марапатталды. Айта кетейік, өткен жылды Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев «Волонтер жылы» ретінде бекітуіне байланысты, байқау үздік волонтерлерді қолдау мақсатында 12 аталым бойынша жүргізілді. «Жыл үздігі» премия-байқауы 10 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған он жыл ішінде 200-дей жас көшбасшы марапатталды.

Жыл үздіктері қатарынан көрінген қос бірдей студентімізді құттықтай отырып, алдағы уақытта сәттіліктер тілейміз!

Напишите свой вопрос

 

×