Ректор студенттермен онлайн кездесу өткізді

Бүгін, ректор Болатбек Абдрасилов көктемгі семестрде оқу процесін ұйымдастыру мәселесіне қатысты студенттермен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде университет басшысы оқу жүйесіндегі өзгерістерді баяндап, студенттердің қойған сұрақтарына тікелей жауап берді.

Айта кетейік барлық мамандықтар бойынша 1 курс студенттері келіп оқитын болады. Соның ішінде «Өнер» мамандықтарының-2, 3 және дизайн мамандығының 4 курс студенттері және де «Инженерлік» мамандықтардан Автоматтандыру және басқару, Электроэнергетика-2, 3 курстар студенттері келеді.

Ал шетелдік студенттер өз елінде-қашықтықтан оқиды. Бірақ, Қазақстан Республикасында жүрген шетелдік студенттер университетке келіп оқитын болады. (саны-107)

Сессиядан кейінгі қысқы демалыс бір аптаға ұзартылады. Екінші семестр 2021 жылдың ақпан айында басталмақ.

Бітіруші курстағы өндірістік практика 18.01.2021 ж басталады. Медициналық мамандықтардың (Жалпы медицина, Стоматология) 4, 5 курстарда сабақтың басталу уақытында өзгеріс жоқ. 4 курс (Жалпы медицина, Стоматология)-18.01.2021 ж басталады, 5 курс-Жалпы медицина-25 .01.2021 ж басталады. Ал 5 курс Стоматология-08.02.2021 ж басталатын болады.

Лекция және семинарлардың басым көпшілігі қашықтықтан ұйымдастырылмақ. Соның ішінде практикалық, лобараториялық сабақтар-аралас форматта өтіледі.

Ал жатақханада орналасу мен оқу ғимаратында оқу тәртібі білім алушылардың бөлмелерде 50 % толымдылығына сәйкес жүргізіледі.

Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау шаралары қатаң жүргізілмек. Студенттер сабаққа маскамен келуге міндетті. Онсыз сабаққа кіруге рұқсат етілмейді. Ғимарат кіре берісінде байланыссыз термометрлермен температура тексеріліп, антисептик пайдаланылады. Аудиториялар үнемі арнайы құрылғылармен залалсыздандырылып отыратын болады.

Напишите свой вопрос

 

×