Құттықтаймыз!

Оқу ордамыз үшін 2020 жыл жетістіктерге толы жыл болды. Оның тағы бір дәлелі бар. Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру және еліміздің талантты жастарының жетістіктерін насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның үздік студенті-2020» жобасының «Жас қыран» талантты жастардың ІV Республикалық жинағына енгені үшін төс белгімен және І дәрежелі дипломмен студентіміз Перизат Полатқызы марапатталды. Перизат, Спорт және өнер факультеті, бейнелеу өнері кафедрасы, кәсіптік оқыту мамандығының 4 курс студенті.
Сонымен қатар, университетіміздің білімгерлері ғана емес, оларды білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп жүрген оқытушылармыздың да қуанышты жаңалықтары аз емес. Атап айтсақ, «Қазақстанның үздік студенті-2020» жобасының «Жас қыран» талантты жастардың ІV Республикалық жинағына енген үздік жастарға жетекшілік жасағаны үшін Спорт және өнер факультеті, Бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушы Абдуллаева Гулнар Дайрабайқызы алғыс хатпен марапатталып отыр.
2020 жылды Халықаралық университет толағай табыстармен қорытындылап жатыр. Ал 2021 жылға артар үмітіміз бен сеніміміз мол!

Напишите свой вопрос

 

×