«Бейнелеу өнері» кафедрасы жылды табысты қорытындылады

Еліміздегі Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Халықаралық жоғары оқу орнымызда тағы да айтарлықтай шығармашылық жетістіктерге қол жеткізілді. Өткен 2020 жылдың соңына таман Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құрылуына 85 жыл толуына орай мәдени және ұлттық дәстүрді жаңғырту, дарынды дизайнерлер мен суретшілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған Халықаралық «ART-YURTA» көрме-байқауы өткізіліп, онда сәндік қолөнер номинациясы бойынша қатысқан Спорт және өнер факультеті, Бейнелеу өнері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Әуелбеков Ержан Бураханұлы 1-орын иеленді. Оның жетекшілігімен байқау додасына қатысқан Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Қалия Мамырайм 2-орын алды, ал кескіндеме номинациясы бойынша байқауға қатысып шеберлік танытқан кафедраның аға оқытушысы Мұрат Шаханбаев 3-орынды қанжығасына байлады. М.Шаханбаев өзі жетекшілік еткен студенті Диер Нышановпен бірге Түркістан қаласында өткен «Жастар нашақорлыққа қарсымыз» онлайн плакаттар байқауында І дәрежелі дипломын және п.ғ.к., доцент Ж.Бейсенбеков жетекшілігімен Ұлбосын Әсылхан 2 орынды иеленді. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Алаш өнер орталығы» ұйымдастыруымен ХІ Халықаралық «Alashstar» өнер байқауында бейнелеу номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін Тайбек Назерке бас жүлдені иемденіп, Халықаралық конкурсқа 50% жеңілдікті ұтып алды. Жетекшісі М.Шаханбаев құрмет грамотасымен марапатталды.
Башқұртстан жеріндегі Башқұрт мемлекеттік университетінің (Стерлитамак қаласы) ұйымдастыруымен өткізілген «Страна мастеров» атты Халықаралық шығармашылық конкурсқа қатысқан Е.Б.Әуелбеков 1-орынға қол жеткізді, ал декан орынбасары аға оқытушы Ермек Мамбетаев, магистр оқытушы М.Айдарша 2-орындарды иеленді. Осы конкурста бақ сынаған Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 3-курс студенті М.Қайратта (жетекшісі Е.Б.Әуелбеков) 1-орын алып, университетіміздің мәртебесін асқақтатты.
Сонымен қатар, ҚР «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеуорталығының ҚР Білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР педагогтарының «Алтын төсбелгісімен» п.ғ.д профессор Тәңірбергенов Медеубек марапатталды және куәлік берілді. Медеубек Жұматайұлы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту жобасы аясында өткен «Қазақстан педагогтарының Алтын кітабы» атты республикалық байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ал «Asla Education» Халықаралық дамыту орталығы ұйымдастырған «V Халықаралық ғылыми зерттеу жұмыстары мен жобалар» атты оқушылар мен студенттерге және жас зерттеушілерге арналған байқауының «Гуманитарлық бағыт» бойынша, «Оқушылардың техникалық шығармашылығы» тақырыбымен студентін қатыстырып, жеңімпазды дайындағаны үшін Абдуллаева Гульнар марапатталды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Евразиялық Дизайнерлер Одағы (Нұр-Сұлтан қаласы) қолөнер дизайны саласына қосқан үлесі үшін қауымдастырылған профессор Е.Б.Әуелбековті «Дизайн саласындағы жетістіктері үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Спорт және өнер факультетінің жетістіктерге жеткен педагог-суретшілерін, магистранттары мен студенттерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!

Напишите свой вопрос

 

×