Ректор Түркиядағы докторанттармен онлайн форматта кездесті

Ректор оқу ордамыздың шетелде мамандар даярлау бағдарламасы бойынша Түркия елінде білім алып жүрген докторанттармен онлайн кездесу өткізді. Айта кететін жайт, қазіргі таңда экология, компьютерлік инженерия, білімді бағалау мен басқару, медицина және т.б. мамандықтар бойынша 18 докторант білімдерін жетілдіруде. Аталған мамандықтар бойынша Гази, Хаджи Байрам Вели, Ерджиес секілді жетекші университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Онлайн кездесу барысында, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ модернизациясының негізгі бағыттары мен докторанттардың ғылыми жұмыстарына қойылатын жаңа талаптар туралы тың мәлімет айтылды. Сонымен қатар, докторанттардың оқуы аяқталған соң университетіміздегі карьералық перспективалары мен білім және ғылым саласындағы халықаралық коллаборацияны дамыту мәселелері талқыланды.

Напишите свой вопрос

 

    ×