«Көшбасшылық және корпоративтік мәдениет» тақырыбында лекция өтті

2021 жылғы 18-ақпан күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Мемлекеттік басқару және аймақтық даму бағдарламасы мен Астана мемлекеттік қызмет хабының ұйымдастыруымен Грузия Мемлекеттік қызмет бюросы директорының орынбасары Майя Двалишвилидің университетіміздің ұжымы мен білім алушаларына арналған «Көшбасшылық және корпоративтік мәдениет» тақырыбындағы ашық дәрісін ZOOM бағдарламасында қашықтықтан өтті. Аталған іс-шараға университетіміздің Академиялық инновация және жоғары білімнен кейінгі білім беру ісі жөніндегі вице-президент Шолпан Алтынбекқызы Есимова, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Мұхамедияұлы Байменов және университетіміздің оқытушы-профессор құрамы мен білім алушылары қатысты.
Ашық лекциялар циклі түрінде өткен кезекті дәріске Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Мұхамедияұлы Байменов модераторлық жасады.

Напишите свой вопрос

 

    ×