Қазақстанның биосаналуандығын сақтау корпоративтік қорымен меморандум түзілді

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Қазақстанның биосаналуандығын сақтау қоры» корпоративтік қорымен (бұдан әрі- ҚБСҚ) бірге өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумы түзілді. Жиынға «Қазақстанның биосаналуандығын сақтау қоры» корпоративтік қоры дирекциясының басшысы Асылхан Асылбеков бастаған делегеция мен оқу ордамыздың Академиялық инновация және Жоғарғы білімнен кейінгі білім беру ісі жөніндегі Вице-президенті Шолпан Алтынбекқызы,Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті  Камалбек  Мейрбекулы, Жаратылыстану ғылыми-зерттеу институтының директоры Ғалитдин Баканұлы және де Жаратылыстану факультетінің ұстаздары қатысты.
Айта кетейік, меморандумның мақсаты студент  жастардың экологиялық білімін жақсарту. Өзара тәжірибе алмасу арқылы жаңа ізденістерге жол ашу.

«Қазақстанның биосаналуандығын сақтау қоры» корпоративтік қоры «Батыс Тянь-Шаньның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын басқарудың тиімділігін арттыру» жобасын іске асыруда. Жоба аса қиын жағдайдағы экожүйелерді сақтау үшін Ынтымақтастық қоры (CEPF) (АҚШ) грантының қаражаты есебінен іске асырылмақ. Пилоттық аумақтар ретінде Ақсу-Жабағалы МТҚ, Қаратау МТҚ және Сайрам-Өгем МҰТП белігіленіп отыр.
Алдағы уақытта студенттердің арасында аймақтың табиғаты туралы білуге сауалнама жүргізіліп, сондай-ақ Қаратау қорығына іргелес ауылдардың бірінде экологиялық мамандық студентеріне экскурсия ұйымдастыру үшін су үнемдеу технологияларымен жаңартылған энергия көздерін пайдаланатын қолданыстағы қондырғылары бар экологиялық демонстарциялық алаң жабдықталатын болады.
Ендігі кезекте меморандум аясында бірқатар жүйелі жұмыстар жасалынатын болады.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

    ×