ЖОО арасында пікір-сайыс өтті

Шымкент қаласында «Тәуелсіздіктің 30 жылдық» мерейлі мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік – Тірегім» атты ректор кубогына арналған жоғары оқу орындарының арасында өткен қалалық пікір-сайыс турнирі өтті. Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті мен «Риторика» пікір- сайыс орталығы ұйымдастырған осы сайыста студенттеріміз жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, Жаратылыстану факультетінің студенті Ағабек Атабек пен Медицина факультетінің студенті Сапарқұл Жансая ІІ – орын иеленсе, ал Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Мирас Куспанов “Ең үздік спикер” атанды.
Бұл сайыста Шымкент, Алматы, Түркістан және басқа да қалалардан келген 32-ге жуық команда бақ сынасты. Жеңіспен оралған студенттерді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Әлеуметтік қолдау және тәрибие істері жөніндегі» вице-президенті Әміреқұл Ергешұлы құттықтады.
Пікір-сайыс – Американдық Парламенттік Формат (АПФ), бұл парламенттік тұрпаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция қаралуға ұсынылған қарарды талқылайды. Әр раундқа жаңа қарар таңдап алынады. Пікірсайыс барысын палата спикері басқарады. Ол сонымен бірге сайыстың төрешісі қызметін атқарады.
Дебаттың бұл түрі ЖОО студенттері арасында кең таралған, кейде “студенттік” деп те айтылып жүреді. АПФ форматы 2-ге бөлінеді: саяси және құндылық. Саяси форматта нақты проблема бар және оны шешу жолдары қарастырылған. Ал, Құндылық форматында құндылықтар сайысқа түседі, бұнда проблема жоқ және палаталар иә/жоқ, келісемін/келіспеймін деген позицияларды жақтайды. Біздің студенттер Саяси форматта бақ сынаған.

Напишите свой вопрос

 

    ×