Діни таным және мәдени құндылықтар талқыланды

Гуманитарлық ғылымдар факультеті мен «Рухани жаңғыру» және тәрбие істері жөніндегі департамент директоры Лаззат Динашеваның ұйымдастыруымен «Діни таным және мәдени құндылықтар» тақырыбында онлайн кездесу өтті.
Кездесуді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дінтану» кафедрасының профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай жүргізді. Аталмыш тақырып аясында Досай Тұрсынбайұлы діни таным, масхаб, мәдени құндылықтар негізінде лекция оқыды. Семинарға оқытушы-профессорлар мен онлайн жүйеде білім алып жатқан студенттер ZOOM қосымшасы арқылы тікелей эфирде қатысуға мүмкіндік алды. Семинар барысында Қожа Ахмет Йасауи ілімі және қоғамымыздағы діни мәселелер ретінде орын алып отырған жәйттер төңірегінде ой қозғады.
Дәріс соңында білімгерлер көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.

Напишите свой вопрос

 

    ×