СТУДЕНТТЕРІМІЗ ТОП ЖАРДЫ

Жастарымызға басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. «Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»-деп, Елбасы Н.Ә. Назарбаев негізгі факторлардың бірегейі білім екендігін айрықша атап өткен болатын. Білімгерлер мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін, олардың шығармашылық даралығын дамыту, педагогикалық жаңалықтарға бейімділігін қалыптастыру, өзгеріп отыратын педагогикалық ортаға бейімделу қабілетін дамыту мақсатында «Халықаралық ТМД-да техникалық білім беруді дамыту қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен 2021 жылдың қаңтар айының 15 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген «YKILI YMIT» халықаралық педагогикалық олимпиадасына қатысқан 1500 білімгердің арасынан оза шауып, алға озған жеңімпаздардың қатарында Филология факультетінің бір топ студенттері бар. Олар: Темірғали Таңшолпан Жаңабергенқызы, (5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері) мамандығының 3-курс студенті. Ғылыми жетекшісі: Данияров Талғат Әбубәкірұлы – П.ғ.к., профессор) І-орын, Ахмет Дамира Мухаммадиярқызы (5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері) мамандығының 3-курс студенті. Ғылыми жетекшісі: Данияров Талғат Әбубәкірұлы – П.ғ.к., профессор) ІІ-орын, Маккамбаева Феруза Хайдаркуловна (5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері) мамандығының 3-курс студенті. Ғылыми жетекшісі: Исаев Мұхтар Сеитханұлы – Phd, аға оқытушы) І-орын, Қоныс Батырбек Бегасилұлы (5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері) мамандығының 3-курс студенті. Ғылыми жетекшісі: Исаев Мұхтар Сеитханұлы – Phd, аға оқытушы) І-орынды иеленіп, дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сайыста жүлделі орын алған шәкірттеріміз бен оларға жетекшілік жасаған әріптестерімізді құттықтап, алдағы білім сайыстарында да жеңіске жетулеріне тілектеспіз. Сіздерге әрдайым сәттілік серік болсын.

Напишите свой вопрос

 

    ×