Спортшыларымыз Ел чемпионатынан жүлделі оралды

Ақпан айының 19-21 күндері Ақтөбе қаласында Гір тасын көтеру және қол күресінен ҚР чемпионаты өз мәресіне жеткен болатын. Жастар және ересектер арасында өткен додаға еліміздің барлық аймағынан білекті спортшылар қатысты. Ел чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғаған Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Спорт және Өнер» факультетінің студенттері жүлделі орындармен оралды. Атап айтар болсақ, 63 кг дәрежесінде Рысбек Ердос және 95 кг Шекербек Нұрлыбек 1 орын, 68 кг Тұрғанбай Бақытжан, 85 кг Ахмет Ерболат II орындарға ие болды. Сонымен қатар Оқу-сауықтыру бөлімінің ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серікбаев Мұрат пен аға жаттықтырушы Б.Абдукаримов Азия және Әлем чемпионатына жолдама алды.
Айта кетейік, чемпионат арасында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық, республикалық додалардың жеңімпаздары бар. «Ерлер және әйелдер 11 салмақ дәрежесі бойынша жарысты. Армрестлингтен ерлер 10 салмақ, әйелдер 9 салмақ бойынша күш сынасты.
Ескеретін жайт, жарыс ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орайластырылған.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

    ×