Спортшыларымыз жеңімпаз атанды

Самбо күресінен 2021 жылдың ақпан айының 25-27 жұлдыздары аралығында Талдықорған қаласында Ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге барлық облыстар мен қалалардан 500-ге жуық спортшылар қатысты. Түркістан облысының Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің спортшылары осы аталған жарыста өз өнерлерін көрсетіп, жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Атап өтер болсақ:
Қыздар арасында 6В04141- Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің студенті 50 кг салмақта Жылқыбаева Айжан І орын.
50 кг салмақта 5В010800-Денешынықтыру және спорт мамандығының студенті Пайыз Жадыра ІІІ орын, 59 кг салмақта Құдасбек Гүлзира Боранбекқызы орын ІІІ, 80 кг салмақта Оразбай Арайлым ІІ орын, +80 кг салмақта Есімбек Назгүл ІІІ орын иеленді.
Ерлер арасында +98 кг Әбдіғани Бибарыс ІІІ орын және 98 кг салмақта Алихуджаев Абдувохоб ІІІ орын иеленді.

Спортшымыздың жаттықтырушылары университетіміздің Оқу-сауықтыру бөлімінің аға бапкерлері: ҚРЕСЖ, аға бапкер Халилаев Әбдісадық Нурлакұлы мен ҚРСШ, аға бапкер Бугенбаев Мұхтар Есенгелдіұлы.

Напишите свой вопрос

 

    ×