Алаштанушы ғалымға профессор ғылыми атағы берілді

Университетіміздің Тарих кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының «Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының» академигі, тарих ғылымдарының докторы, Тұрсұн Хазретәлі Маханұлына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен профессор ғылыми атағы берілді.
Тұрсын Хазретәлінің ғалым болып қалыптасуы мен шығармашылық өрлеуі, қоғамдық қызметі түркі халықтарының рухани астанасы, киелі шахар Түркістан қаласымен тығыз байланысты. Ғалымның өзі айтқанындай қалаға облыс орталығы мәртебесі беріліп, қайта түлеген «Түркістан қаласы бұрын оған керек болса, қазіргі кезде Түркістан қаласына ол керек» болып отыр. Бүкіл ғылыми шығармашылық ізденісі Түркістан идеясына байланған ғалымның қандай зерттеу еңбегін оқып қарасаңыз да онда Түркістан қаласы, Түркістан өлкесі, Түркістан уалаятының ғылыми шежіресін деректік негізде зерделеп, тарихи танымға тың ойлар мен тұжырымдар ұсынған ғалымның өзіндік қолтаңбасын танисыз. Ғалымның осы тақырыпты тереңнен қозғап, жан-жақты қарастыруының астарында үлкен сыр жатыр. Түркістан тарихы – оның тағдырымен біте қайнағандай.
Республикаға танымал алаштанушы ғалым Тұрсын Хазретәлі Маханұлын профессор ғылыми атығымен құттықтап, сәттіліктер тілейміз!

Напишите свой вопрос

 

    ×