Ректор алғашқылардың бірі болып «Спутник V» вакцинасын қабылдады

Бүгін оқу орда басшысы Жанар Амангелдіқызы университетіміздің клиника-диагностикалық орталығында «Спутник V» вакцинасын алғашқылардың бірі болып қабылдады. «Спутник V» вакцинасы қазіргі таңда аурудың алдын алудың және адам өмірін құтқарудың қауіпсіз әдісі саналуда. Сондықтан, өмірінің қауіпсіздігі үшін тиісті шешім қабылдау әр адамның өз еншісінде.
Бүгінгі таңда клиника-диагностикалық орталыққа 50 екпе жеткізілген. Күніне 20 екпе жасау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта қажеттілікке қарай жоспарланған 1100 екпе әкелінетін болады. Айта кетейік аталған вакцина ерікті түрде салынуда.

Напишите свой вопрос

 

    ×