«Әлемдік рейтингтік ғылыми журналдарда мақала жазуды үйрену» тақырыбында ғылыми семинары өтті

Университетімізде Ғылым күні орай Филология факультетінің ұйымдастыруымен Түрік филологиясы кафедрасының доц.м.а., PhD Ерлан Жиенбаевтың «Әлемдік рейтингтік ғылыми журналдарда мақала жазуды үйрену» тақырыбында ғылыми семинары өтті. Ғылыми семинар “Zoom” платформасы арқылы онлайн жүргізіліп, жиынға оқытушы-профессорлар, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Ерлан Бейбітұлы семинар барысында ғылыми мақала жазуды – ойлану, жазу және жариялау кезеңдеріне бөлу, ғылыми жұмысты жүргізу барысында егжей-тегжейлі зерттеу жасалу қажеттігіне назар аударды. Университеттің Ақпараттық-ресурстық орталығының сайты арқылы онлайн режимде каталогтан кітап қарауға, электронды кітаптарды оқуға және көшірмесін алуға жағдай жасалғанын танытты. Сонымен қатар, РМЭБ университтеттер арасындағы ортақ жүйе арқылы көптеген ғылыми еңбектердің электронды нұсқасын алуға мүмкіндік бар екендігін көрсетті. Кітапхана ғимаратында әлемнің түрлі ғылыми-танымдық сайттарына кіріп, дереккөздеріне қол жеткізуге болатынын атап өтті. Сонымен қатар басқа әлемдік рейтингтік ғылыми журналдарда мақала жазуға қатысты көптеген мәселелер жайы айтылды. Докторанттар мен магистранттар үшін мазмұнды, ақпараты мол, пайдалы ғылыми семинар болды.
Семинардың соңында қатысушылар тақырыпқа қатысты өз сұрақтарын қойып, баяндамашыға алғыстарын білдірді.

Напишите свой вопрос

 

    ×