Оқытушыларымыз оқушылар сарайымен байланыс орнатуда

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасының меңгерушісі PhD Б.Ж. Сейтов, аға оқытушы х.ғ.к. М. Түйебаев, ф-м.ғ.д., профессор Т.А. Тұрмамбеков және п.ғ.к., доцент Ә.Х. Сарыбаева Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайына барып ондағы жас жеткіншектерді тәрбиелеу бағытында атқарылып жатқан іс – шаралармен танысты.

Танысу барысында, Оқушылар сарайының директоры Индира Саркытовна Икаповамен және директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бағила Дәулетбекқызымен кездесіп, болашақта Университет пен Оқушылар сарайы арасындағы өзара ынтымақтастық байланысты нығайту керек деген келісімге келді. Өзара пікір аламасу барысында Физика кафедрасының ОПҚ Оқушылар сарайының оқушыларымен төмеде көрсетілгін төрт бағыт бойынша жұмыс жасауға келісті.

  1. Оқушыларды ҰБТ ға дайындау;
  2. Оқушыларды Жоба қорғауға дайындау;
  3. Оқушыларды олимпиадаға дайындау;
  4. Физика пәні бойынша қосымша сабақтар өткізу.

 

Напишите свой вопрос

 

    ×