Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мен республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне арнайы сапармен келді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері университеттетімізде ашылған «Парасат жолы» жобасының бүгінгі жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, қонақтар университетіміздің ректоры Жанар Амангелдіқызымен кездесіп, “Парасат жолы” орталықтарының атқарып жатқан жұмыстарына оқу ордамыздың Ғылыми кітапханасында талқылау жасады.
Жиынға университетіміздің проректорлары, оқытушы профессорлары құрамы мен қызметкерлері және Түркістан қаласының зиялы қауым өкілдері, студенттер қатысты.
«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.

Келелі кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың жарқын үлгісін қалыптастыру, қоғам індетінің деңгейін төмендету және жас ұрпақты жанашырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Басқосуда агенттік өкілі Жазира Жылқышиева агенттіктің басты басымдықтары алдын алу екендігін жеткізіп, парасаттылық, ашықтық, айқындық, тұтынушыға бағдарлану, цифрландыру қағидаттарын ауқымды ілгерілету және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар қызметінде жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталғанын атап өтті.
Агенттік пен Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Парасат жолы» орталықтарының кітапханалардан ашылуы да тегін емес. Бабалар еңбегімен қатар, қазіргі ақын, жазушылардың әдебиеттері арқылы жастарды парасаттылыққа шақыруды көздейтін жобаның жұмысын университет мамандары да жүзеге асырып отыр.
Айта кетейік, «Парасат жолы» орталығы наурыз айнан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өз жұмысын бастады.
Шара соңында адалдық қана шыңға жеткізетіндігін айтқан қатысушылар, елге адал қызмет етуге, алдына келген азаматқа барынша көмектесуге шақырды.

Напишите свой вопрос

 

    ×