Оқытушыларымыз олимпиададан жүлделі оралды

Жуырда «Халықаралық ТМД-да техникалық білім беруді дамыту қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында «YKILI YMIT» халықаралық педагогикалық олимпиадасы өтті. Халықаралық деңгейде өткен олимпиядаға 1000-нан астам жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Осы «Үкілі Үміт» халықаралық педагогикалық олимпиадасында Инженерия факультетінің “Компьютерлік ғылымдар” кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к Казбекова Гулнур Нагиметовна қатысып, II орынға қол жеткізді.
Олимпиада кәсіби педагогикалық кеңістікті кеңейтуді және педагогикалық ортада олимпиада қозғалысын белсендіруді көздейді. Одан өзге, мұғалімдердің өздігінен білім алуға деген ынтасын қалыптастыру үшін жағдайлар жасаумен қатар, оқытушылар мен студенттерге өз әріптестерімен халықаралық деңгейде бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Напишите свой вопрос

 

    ×