Жоғары мектеп тыңдаушыларына арналған дәріс

Университетімізде Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік емтихан орталық төрағасының орынбасары Бахрам Бахман оглу Халиловтың «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру: Әзербайжан Республикасының тәжірибесі» тақырыбындағы лекциясы өтті
Мемлекеттік басқару және аймақтық даму бағдарламасы мен Астана мемлекеттік қызмет хабының ұйымдастыруымен Жоғары мектеп білімгерлеріне арналған дәріс ZOOM бағдарламасында қашықтықтан өтті. Аталған іс-шараға университетіміздің Ғылым бөлімінің мамандары, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Мұхамедияұлы Байменов және университетіміздің оқытушы-профессор құрамы мен білім алушылары қатысты.
Ашық лекциялар циклі түрінде өткен кезекті дәріске Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Мұхамедияұлы Байменов модераторлық жасады.

Напишите свой вопрос

 

    ×