Спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді

2021 жылдың сәуір айының 06-09 жұлдызы аралығында Қырғызстан мемлекетінің Бішкек қаласында дзюдо күресінен АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА Қазақстан құрама командасының сабында оқу ордамыздың спортшы-студенттері өз бақтарын сынауда. Аталмыш дода қыздар арасында 57 кг салмақта Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенті Нышанбаева Севара қола жүлдегері атанды.
Бұл Жапония мемлекетінің Токио қаласында өтетін олимпиада ойындарына іріктеу жарысы. Қәзіргі таңда спортшымыз әлем рейтингінде 36-шы орында тұр. Алда мамыр айының 05-07 жұлдыздары аралығында Казан қаласында өтетін Гран Слам жарысына дайындық үстінде.
Сонымен қатар, Қазақ күресінен Қостанай қаласында 2021 жылдың сәуір айының 05-09 жұлдыздары аралығында Жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында «Деншынықтыру және спорт» мамандығының студенті Мухан Анель ІІІ орын иеленді.
Спортшыларымыздың жаттықтырушысы, оқу сауықтыру бөлімінің аға бапкері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Халиллаев Әбдісадық. Еңбегіңіз жана берсін. Еліміздің спортшылары топ жарып, әнұранымыз асқақтай берсін.

Напишите свой вопрос

 

    ×