Жаратылыстану факультеті кәсіби бағдар жұмыстарын бастады

Жуырда жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен Дайындық факультетінде білім алып жатқан түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан келген азаматтарға кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушыларға дайындық факультетімен бірлесіп жүргізілген жұмыстар ZOOM бағдарламасы арқылы өтті.
Түсіндірме жұмыстар барысында Жаратылыстану факультетінің оқытушы профессорлар құрамы ​ факультетте дайындалатын бакалавр, магистратура, докторантура білім беру бағдарламасымен ​ ​ таныстырды. Дайындық бөлімінің тыңдаушыларына факультеттің дайындайтын мамандықтары жайлы ақпарат​ берді. Ал білімгерлер қызығушылық танытқан мамандықтары жайлы көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.

Напишите свой вопрос

 

    ×