Кезекті меморандумға қол қойылды

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен меморандумға отырды.
“Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” КММ-нің директоры Эльмира Дуланқызы және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы  басшысының кеңесшісі Рахима Тоқтарханқызы университет ректоры Жанар Амангелдіқызымен кездесіп, алдағы уақытта екіжақты әріптестік аясында тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.  Кездесу барысында өзара серіктес ретінде атқарылатын жұмыстар талқыланып, меморандум негізінде бірлесіп жұмыс жасауға және бірқатар келісімдерге келді.
Университет ректоры дарынды балаларға арналған іс – шараларды ұйымдастырып өткізуге, оқу ордамыздың оқытушы-профессорлар құрамының түрлі семинар – тренингтер өткізіп, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге  дайын екенін жеткізді. Одан өзге, болашақта Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері арасында облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалар өткізу жоспарланды.

Напишите свой вопрос

 

    ×