Байдулла Қонысбекұлының 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін оқу ордамызда Қазақстанның құрметті журналисі, Түркістан облысы мен Бәйдібек ауданының құрметті азаматы Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойына арналған жиын өтті. Аталған шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырды. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Шәріпбек Жамалбек, жазушы, Халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының лауреаты Мархабат Байғұт, облыстың зиялы қауымы және Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының ақпарат саласының өкілдері қатысты.
Жиынға Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай модераторлық етіп, қаламгердің ғибартты ғұмыры мен ақпарат саласындағы атқарған қызметтері айтылды.

Напишите свой вопрос

 

    ×