Студентіміз облыстық байқаудың жүлдегері

Айтыс сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп, айтыс додасына қанат қақтырған халықтың сүйікті ақыны Әселхан Қалыбекованың айтыс әлеміндегі өнерін дәріптеу, ақын мұрасын жастарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Омартасы рухтың Отырарым» атты облыстық жас айтыскерлер байқауында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Филология факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасының 1- курс студенті Баянбай Ахметрасул өз бағын сынап, жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен облыстық жыр додасында Түркістан, Арыс қалалары, Қазығұрт, Жетісай, Төлеби, Бәйдібек, Сарыағаш, Сайрам аудандарынан қатысқан, бағы мен бабы қатар шапқан жүйріктердің арасынан шәкіртіміз Ахметрасул ерекше дарыны мен сөз саптауының арқасында көпшіліктің көңілінен шыға білді. Ол жас та болса, өзінің талантымен түрлі ауқымды айтыс додаларында оза шауып, халықтың көзайымына айналып үлгерген. Алдағы уақытта жас ақынымызға тек қана сәттілік тілейміз.

Напишите свой вопрос

 

    ×