Инженерия факультетінің ғылыми семинары

Университетімізде Ғылым күніне орай Инженерия факультетінің ұйымдастыруымен «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тақырыбында ғылыми семинары өтті. Ғылыми семинар “Zoom” платформасы арқылы онлайн жүргізіліп, жиынға Компьютерлік ғылымдар кафедрасының профессоры п.ғ.к. Г.Ж.Ниязова және инженерия факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен магистранттары қатысты.
Г.Ж.Ниязова семинар барысында білім беруді цифрландырудың, болашақ мұғалімдер мен мектеп мұғалімдерінде цифрлық құзыреттілікті қалыптастырудың қазіргі жағдайы, «Білім-2030» Инчхон декларациясы, білім алушылар мен кәсіби мамандардың ХХІ ғасыр дағдыларын меңгерулерінің өзектілігі туралы ғылыми негізделген ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, өзі жетекшілік етіп отырған 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитеті гранты есебінен қаржыландырылатын AP09259047 «Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру – адами капиталды дамыту кілті» атты жоба жұмысын іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынды.
Ғылыми семинар оқытушы-профессорлар құрамы мен магистранттар үшін мазмұнды, өзекті ақпараттармен толыққанды қамтылды.
Семинардың соңында қатысушылар тақырыпқа қатысты өз сұрақтарына толыққанды жауап алып, баяндамашыға алғыстарын білдірді.

Напишите свой вопрос

 

    ×