Студенттеріміз республикалық ғылыми көрме жүлдегерлері

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығы мерейтойына орай Назарбаев университетінің Қазақ тілі және түркітану департаменті мен Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 9 сәуірінде «ЖАС ҒАЛЫМ – 2021 – ІІІ» атты республикалық студенттердің дәстүрлі ғылыми көрмесі өткізілді. Байқауда университетіміздің намысын қорғаған Филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенттері Мұратбаев Алишер және Әбубәкірова Гүлжаз екеуінің бірлесе орындаған жұмысы «Қазақ әдебиеті» бағыты бойынша ІІ орынға ие болды. Студенттерімізді дайындаған ғылыми жетекшісі универстетіміздің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Пәкизат Адиева алғыс хатпен марапатталды.
Осы ғылыми көрмеде филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Серікқызы Ісмақова төрағалық етті және осы жұмысқа ерекше назар аудара отырып, қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі екендігін де атап айтты.

Напишите свой вопрос

 

    ×