Ғылымсыз білім – тым құрғақ…

12.04.2021 күні Жаратылыстану факультеті, Физика кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғылымсыз білім – тым құрғақ» тақырыбында онлайн форматта семинар өтті. Физика кафедрасының меңгерушісі PhD-доктор, аға оқытушы Б.Ж.Сейтов ғылым жолындағы өзекті мәселелерді баяндап, магистранттар мен докторанттарға еліміздегі ғылым мен білімді дамытуда көптеген ізденістерді күш-қайратпен жүргізу керектігін түсіндіріп, семинарды құттықтау сөздерімен ашып берді.
Сонымен қатар, кафедраның аға оқытушысы, х.ғ.к. М.Қ.Түйебаев «ғылым», «білім» ұғымдарының философиялық тұжырымдарына тоқталып, ғылым мен білімді бір-бірінен бөлуге болмайтындығын ойға салды. Ғылым – ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе деп сөзін қорытындылады.
Семинар барысында докторант С.Полатұлы «Ғылыми зерттеу әдістері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және жүргізу, статистикалық әдістерді қолдану мәселелеріне тоқталды.
Іс-шара барысында докторант А.Паттаев (жетекшілері ф.-м.ғ.д., доцент Т.А.Турмамбеков, PhD-докторы, доцент м.а. Ш.Ж.Раманкулов) «Студенттердің зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру негізінде «Баламалы энергия көздері» курсын оқыту әдістемесі» тақырыбы бойынша диссертациялық зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында кафедраның зертханасына (күн элементтерін, контроллер, аккумулятор, инвертор және т.б) құрал-жабдықтарды ғылым күніне орай өз қаражаты есебінен сыйға тартты. Сонымен қатар, болашақта бұл құрал-жабдықтардың санын ұлғайту мақсатында қосымша материалдарға тапсырыс берілгендігін жеткізді. Бұл құрал – жабдықтар кафедрада жаңа бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізуге, студенттер мен магистранттарға күн энергиясын электр энергиясына түрлендіргіштердің физикалық сипаттамаларын жан-жақты оқып-үйренуге мүмкіндік береді.

Напишите свой вопрос

 

    ×