Ғылым қызметкерлері күніне орай баспасөз-конференциясы өтті

Бүгін, Визит орталықта Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 12-сәуір Ғылым қызметкерлерінің күніне орай баспасөз-конференциясын ұйымдастырды. Мәжілісте оқу орда басшысы Жанар Темірбекова және ректор өкілі Женгиз Томар оқу орда ғалымдарын мерекемен құттықтап, ғылыми саладағы жетістіктеріне тоқталды. Айта кетейік, бүгінгі таңда универсиетімізде 71 доктор, 252 ғылым кандидаты, 100 РhD доктор жұмыс жасайды. Оның 5% Түркиядан және басқа елдерден келген оқытушылар.
Бүгінгі пресс-конференцияда оқу ордамыздың ғылым саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген ғалымдарымыз ой-пікірлерімен бөлісті. Соның ішінде экология ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Аманкүл Ақбасованың орны бөлек. Ғалым-академиктің бүгінгі таңға дейін 350-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген, оның ішінде 3 монография (1-і Германияда шыққан), 5 оқулық, 15-тен астам оқу құралы, 4 терминологиялық сөздігі, 1 экологиялық энциклопедия бар. Сондай-ақ ғалым 20-дан астам авторлық куәлік пен өнертабыс патенттерінің авторы.
Сондай-ақ дінтанушы ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай пәлсафа тұрғысынан тұщымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар,Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Көпжасар Жетібаев та соңғы жылдардағы ауқымды жобалар барысын айтып, соның ішінде Сығанақ қалашығындағы қазба жұмыстарынан маңызды дүниелерді тілге тиек етті.
Баспасөз-конференциясы соңында журналистер ғалымдарға сұрақ қойып, тиісінше жауап алды.

Напишите свой вопрос

 

    ×