Ғылыми-әдіснамалық семинар өткізілді

Университетімізде «Математика» және «Физика» білім бағыттары бойынша философия докторы (PhD) бейіні дәрежелерін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық Кеңесі жанындағы Ғылыми-әдіснамалық семинарда «Физика» кафедрасының докторанттарының диссертациялық жұмыстарын талқылау онлайн режимде өтті.
Семинар төрайымы п.ғ.к., профессор Ә.Х.Сарыбаева ізденушілер Е.Досымов пен Б.Құрбанбековтың диссертация тақырыптарымен, ғылыми кеңесшілерімен, рецензенттермен таныстырды. Ізденушілер баяндама жасап, тақырыптың өзектілігіне тоқталып, практикада, ғылымда қолдану жетістіктері жайлы баяндады.
Жиын барысында семинар мүшелері п.ғ.д., профессор К.М.Беркимбаев, п.ғ.д., профессор А.А.Жолдасбеков, п.ғ.к., доцент У.З.Ешимова, ф.-м.ғ.д., профессор Т.Тұрмамбеков, х.ғ.к., доцент М.Қ.Түйебаев, п.ғ.к, профессор Н.Ж.Ниязова, п.ғ.к, доцент А.Тұрсынбаев, , п.ғ.д., профессор Б.Ортаев, ф.-м.ғ.д., профессор Б.Т.Қалимбетов, п.ғ.д., профессор Д.Пошаев, PhD М.Ә.Мұратбекова, сонымен қатар п.ғ.д., профессор М.Тәңірбергенов, PhD Б.Ж. Сейтов т.б. ғалымдар сұрақтар қойды, пікірлер берді, ұсыныстар жасады, тиісінше ізденушілерден нақты жауаптар алды.
Ал, семинар нәтижесінде ізденушілер Е.Досымов пен Б.Құрбанбековтың диссертациялық жұмыстары ғылым-әдіснамалық семинардың шешіміне сәйкес, диссертациялық кеңеске қорғауға ұсынылды.

Напишите свой вопрос

 

    ×