«Мың алғыс саған, дәрігер!»

Оқу ордамызда Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Мың алғыс саған, дәрігер!» атты іс-шара өтті.
Шараға университеттің Рухани жаңғыру және тәрбие департаментінің директоры Ляззат Динашева, Медицина факультетінің деканы, профессор Ықылас Молдалиев, Медицина факультетінің тәрбие-ісі жөніндегі декан орынбасары Ғалия Асанова, Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасының меңгерушісі Сауле Түктібаева, Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасының профессоры Ибрагим Ишигов, Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасының аға кураторы Ерлан Пернебеков, Жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі Тулежанов Нурпейіс, Хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры Шора Сейдинов және студенттер қатысты.
Шараның мақсаты университетті, факультетті кең көлемде насихаттау. Студенттерді мамандыққа баулу, университет, факультет тарихымен таныстыру. Ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, белсенділікке, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу. Халқымыздың денсаулығын сақтау үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген барша ақ желеңді абзал жандарға біз де өз алғысымызды жеткіземіз.

Напишите свой вопрос

 

    ×