Зілтемірші спортшыларымыз жүлдемен оралды

Ташкент қаласында 2021 жыл 27-30 сәуір күні аралығында Гір тасын көтеруден Жастар арасында өткен Азия чемпионаты өтті. Бұл біріншілікте Спорт және өнер факультетінің 6В01405- Денешынықтыру және спорт мамандығының 2-курс студенттері Рысбек Ердос Мұханбетұлы 63 кг салмақта, Шекербек Нұрлыбек Маратұлы 93 кг салмақта 1 орын иеленді. Ұзын циклді көтеруден 63 кг салмақта Сабыр Нұрсұлтан, 68 кг салмақта Тұрғанбай Бақытжан Имашұлы 2-орын иеленді. Қоссайыстан 95 кг салмақта Ахмет Ерболат Оразәліұлы 2-орын иеленді.
Зілтеміршілер мен жаттықтырушылары: М. Серікбаев, Б.Абдукаримовты жеңістерімен құттықтаймыз!

Напишите свой вопрос

 

    ×