Османдықтар және олардың түркілер тарихындағы орны

Университетімізде Түркология ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының ұйымдастыруымен «Османдықтар және олардың түркілер тарихындағы орны» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияда Түркияның Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры, доктор, профессор Эрхан Афионжу арнайы баяндама жасады.
Конференция барысында университетіміздің вице-президенті Женгиз Томар Османдықтар тарихын Алтын Орда дәуірімен байланыстырса, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Булент Байрам османдықтардың тілдік мәселелеріне қатысты ой қозғады.
Конференция қонағы, професссор Эрхан Афионжу Османдықтар жөнінде тарихи, мәдени, географиялық ақпараттармен қатысты мол мағлұмат беріп, тыңдармандармен маңызды сұхбат өткізді. Конференцияға онлайн қатысқан ғалымдар мен ізденушілер өз тарапынан баяндамашыға сұрақтар беріп, өз алғыстарын білдірді.
Түркология ғылыми-зерттеу институты

Напишите свой вопрос

 

    ×