Институттағы іргелі істер

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі Женгиз Томар Экология ғылыми зерттеу институтында жаңадан құрылысы аяқталған жылыжай нысанының тұсауын кесті.

Ашылу салтанатында институт директоры Аманкүл Ақбасова жылыжай мақсатын және оның алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, оқу ордамыздың басшылары институтта атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмысымен де толыққанды танысып, зертханалары мен оның ғылыми мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат алды.

Ең қызығы жылыжайды салғанда екінші реттік шикізат ретінде өндіріс пен қатты тұрмыстық қалдықтары, құрылыс материалдары ретінде қолданылған. Яғни, қалдықтардың шығынын азайту мақсатында және керексіз деп танылған қалдықтарды пайдаға асырған. Бұл жұмыстың нәтижесінде экологиялық, экономикалық тұрғыдан айтарлықтай тиімділікке қол жеткізуге болатынын Институт қызметкерлері мен докторанттары, магистранттары дәлелдеді. Сондай-ақ, жылыжайды салу барысында қолданылған құрылыс материалдары біршама үнемделіп, қалдықтар утилизацияланған.

Экология ҒЗИ- ның магистранты Айида Дәріханова “Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың инновациялық әдістерін ұсыну ” тақырыбында диссертация қорғап нысанды өндіріске енгізген болатын. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта жылыжайда көкөністер (қияр, қызанақ, бұрыш, аскөк, шалғам, қызылша) вермитехнология әдісі арқылы алынған органикалық тыңайтқыш- вермикомпост ( қатты және сұйық түрлері) негізінде өсірілуде.

Айта кетейік, өндірілген өнім сапасын тексеріп көру үшін университет қызметкерлері мен аталмыш истититут мамандары сараптамадан өткізетін болады.

Напишите свой вопрос

 

    ×