ЖОО арасындағы ХI жазғы универсиаданың мандаттық комиссиясы өз жумысын бастады

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ЖОО  арасындағы ХІ жазғы универсиаданың мандаттық комиссиясы самбо (ерлер, қыздар), бокс (ерлер, қыздар) спорт түрлерінен басталды.
2021 жылдың 03-06мамыр аралығында самбо күресінен (ерлер, қыздар)Түркістан қаласында  Қ.А Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен ЖОО арасындағы ХІ- жазғы универсиадасы өткізілуде. Жарысқа келген командалар міндетті түрде ПЦР тестінен өткізілді.

Ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекеде 10 команда сынға түспек. Жарысқа ерлер арасында 10 университет қыздар арасында 10 университет командалары бақ сынамақ. Жалпы 140 спортшы оның ішінде 70  ер балдар 70 қыз балдар.

Жарысқа қатысатын командалар:
1.  Қорқыт ата ҚМУ
2.Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
3.Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
4.Халықаралық туризм және меймандостық университеті
5.Абай атындағы ҚазҰПУ
6.ТАРГУ
7.ТИГУ
8.КазАСТ
9.М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
10.Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Айта кетейік, сайыстың бас бақылаушысы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы”  Алматы қаласындағы филиал директоры Айтбаева Зоя Қанатбекқызы.

Напишите свой вопрос

 

    ×