Қоржында 6 медаль

Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте таеквондодан халықаралық “SC DREAM” ашық турнирі сәуір айының 30 жұлдызы мен мамыр айының 02 жұлдызы аралығында өтті. Халықаралық додада 250 спортшы бақ сынасты. Бұл турнирде университетімізден 6 спортшы сынға түскен болатын. Бабы келіскен спортшыларымыздың алтауы да жеңіске жетіп, жүлдемен оралды.
Атап өтер болсақ, Спорт және өнер факультетінің 4-курс студенттері Аманбол Бегімбетов 58кг салмақта, Амина Нұрғазықызы 53кг салмақта сынға түсіп 1-орын, 1-курс студенттері Дүйсенбек Әзірет 55кг салмақта 1-орын, Өтеген Асқар 59кг салмақта 1-орын, Ырысдаулет Бакишев 63 кг салмақта 1-орын иемденсе, ал 2 курс студенті Арайлым Тасболат 46 кг салмақта 2-орынды қанжығасына байлады.
Айта кетейік, жеңімпаздардың жаттықтырушысы Оқу сауықтыру бөлімінің аға бапкері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ренат Құралбаев.
Спортшыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Жарыс жолында тек жеңісті күндердер көп болсын!

Напишите свой вопрос

 

    ×