Самбошы-қыздарымыз топ жарды

Университетімізде ЖОО арасындағы XI Жазғы универсиада ойындары өтуде. Біздің спортшыларымыз алғашқы күннен бастап-ақ дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсеткен болатын. Бүгін де самбо күресінен 50 кг салмақта бақ сынаған Пайыз Жадыра І орын, 50 кг салмақта Айжан Жылқыбаева ІІ орын, 59 кг салмақта Гүлзира Құдасбек ІІ орын, 59 кг салмақта Фатиха Рахымжанова ІІІ орын, 80 кг салмақта Мақсат Әйгерім ІІ орынды иемденді.
Спортшыларымыздың жаттықтырушылары оқу сауықтыру бөлімінің аға бапкері, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушы Әбдісадық Халилаев және доцент Бағдат Баймұханбетов.
Құттықтаймыз!

Напишите свой вопрос

 

    ×