Ректор оқу ордамыздың Шымкенттегі ұжымымен танысты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, Вице-ректор Эльмира Идрисова және Вице-ректор Асқар Тұрғанбаев оқу орнымызға қарасты Шымкент Медицина институтының ұжымымен кездесті.
Басқосу барысында Шымкент Медицина институтының директор орынбасары Нұрлан Жаңабаев баяндама жасап, университет басшылығына институт қызметі турасында мәлімет берді.
Мәжілісте жаңа оқу жылына дайындық жайы талқыланып, мәселелер сарапқа салынды.
Ректор сапар аясында институттың материалдық-техникалық базасымен танысты.

Напишите свой вопрос

 

    ×