Ғылымға қадам басқан түлектерге диплом табысталды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова университетімізден түлеген менеджмент магистрлеріне диплом тапсыру салтанатына қатысты.
Рәсімде құттықтау сөз сөйлеген университет басшысы Жанар Темірбекова түлектерге табыс тіледі. Айта кетерлігі, диплом иеленген түлектеріміз – медицина саласында еңбек етіп жүрген білікті мамандар.
Менеджмент саласы бойынша магистрлік дәрежеге қол жеткізген түлектер Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қабырғасында білім алып, ғылыммен шұғылдану – көкжиек кеңейтуге мол мүмкіндік тудырғанын айрықша атап өтті.

Напишите свой вопрос

 

    ×