Ректор марқұм Лесбек Тәшімұлының туыстарына көңіл айтып барды

​Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова бастаған университет басшылығы Халықаралық оқу орнымыздың бұрынғы басшыларының бірі, марқұм Лесбек Тәшімұлы Ташимовтың шаңырағында арнайы қонақ болды.
Лесбек Тәшімұлының жұбайы Жахан Әбдіраққызы мен ұл-қыздарына және Ташимовтер әулетіне дәстүрімізге сай көңіл айтылып, Құран бағышталды.
​ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Лесбек Ташимов – университетімізге 2008-2013 жылдары басшылық жасаған білікті басшы. Университетіміздің дамуына айрықша үлес қосқан тұлға.

Напишите свой вопрос

 

    ×