2021 – 2022 оқу жылы бос орындарға жарияланған конкурсқа қажетті құжаттар мен біліктілік талаптары

Конкурсқа қатысатын ОПҚ-ға қойылатын біліктілік талаптары

Профессор лауазымына үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, “профессор“ ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Доцент лауазымына үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі,         “қауымдастырылған профессор (доцент)“ ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Аға оқытушы лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде аға оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

Оқытушы лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы тиіс.

  Қажетті құжаттар тізімі:

  • Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  • Өмірбаяны;
  • Жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
  • Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
  • Университет Сенатының бас ғылыми хатшысы куәландырылған және кадр бөлімінің мөрімен расталған соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса) көшірмесі;
  • Медициналық кітапша, флюрография;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • Психоневрологиялық ұйымда еспке тұрмайтыны туралы анықтама;
  • Наркологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны туралы анықтама
Напишите свой вопрос

 

    ×