Өмірзақ Шөкеев: «Университет – өте маңызды!»

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясының жұмысына қатысып, баяндама жасады.

Ректор Жанар Амангелдіқызы Халықаралық оқу орнымыздың отыз жылдық тағылымды тарихынан қысқаша мәлімет беріп, басшылық қызметке кіріскен кезеңнен бергі атқарылған жұмыстарды баяндады. Алдағы кезеңде іске асатын ауқымды жобалардың негізгілері туралы ақпарат беріп, университетіміздің стратегиялық жоспарын таныстырды.

Университет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «Халық үніне құлақ асатын университет» моделі жасалғанын айрықша атап өтті. Ректор университетіміздегі ашықтық пен әділдік – аталмыш тұжырымдамаға арқау болатынын тілге тиек етті.

Оқу орнымыздың жетекшісі университетімізде ғылыми әлеуетті нығайту мен білім сапасын арттыру бағытында атқарылатын маңызды жобалардың жай-жапсарын кеңінен баяндап, өзге де өзекті мәселелерді қозғады.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын қорытындылаған өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев университетімізге кеңінен тоқталып, ректордың баяндамасына жоғары баға бере сөз сабақтады.

Түркістанның түрленгенін, жаңа әкімшілік-іскерлік орталық пен әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтергенін тілге тиек еткен облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы: «Халықаралық университет қарқынды дамуы керек. Біз университет басшылығымен кеңесе отырып, көптеген жұмыстарды бірге атқарудамыз. Университет – өте маңызды!» – деді.

Ректордың баяндама-слайдын мына сілтеме арқылы көруге болады:

Напишите свой вопрос

 

    ×