Студенттеріміз Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысына ие болды

Жас ғалымдар форумында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысына ие болған 80 студенттің есімі аталды.
Аталмыш конкурсқа университетімізден 22 студент құжат тапсырды. Конкурс нәтижесі бойынша 3 студент топ жарып, «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаттары» мәртебесі берілді. Олар:
– «Жаратылыстану» факультеті «Математика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 3- курс студенті Мұрат Назира,
– «Медицина» факультеті «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенті Рсмет Зарина Шералықызы,
– «Спорт және өнер» факультеті «Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенті Жақсыбаева Әтіргүл Шалқарқызы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттік шәкіртақы конкурсы 2021 жылдың 31 мамыр мен 15 тамыз аралығында өткізілді. Биылғы байқауға жалпы 350 өтінім жіберілген. Байқау екі турдан тұрады. Бірінші тур оқу орнында өткізіледі, ал екіншісін Қор ЖОО арасында ұйымдастырады. Екі турдың қорытындысы бойынша 80 студент жеңімпаз атанған.
Жобаның негізгі мақсаты жоғары және арнаулы орта (өнер және мәдениет) білім беру оқу орындарының күндізгі бөлім студенттерінің оқуға деген құштарлығын жоғарылату, ғылыми жұмыспен айналысуын және шығармашылығын қолдау. Қордың стипендиясы жеке болып табылады және бір жыл бойы беріледі. Барлық жеңімпаздарға «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» атағы беріледі
Университетіміздің атынан конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанған студенттерімізді шын жүректен құттықтай отырып, оларға шығармашылық табыс пен биік шыңдарды бағындыруларын тілейміз! Аталмыш стипендия студенттерімізді жаңа табыстарға шабыттандырады және үздік оқуға ынталарын арттыра түсетін болады деп сенеміз!

Напишите свой вопрос

 

    ×