Ректор: «Мұстафа Шоқай мұрасы – ұлтымыздың темірқазығы!»

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова «Мұстафа Шоқай атындағы қазақ-француз достығы» ұйымының президенті Яшар Динчпен кездесті.
Жүздесуде тұтас Түркістанның азаттығын көксеген аса көрнекті қайраткер – Мұстафа Шоқай мұрасын ұлықтау, қабырғалы қайраткердің өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау жайы кеңінен сөз болды. Құрметті қонақ Яшар Динч ұзақ жылдар бедерінде ұлт қайраткерінің тұлғасын зерттеп, тағылымын түгендеу бағытында атқарған іргелі істерін баяндады. Кездесуге қатысқан тарихшы ғалым, профессор Хазіретәлі Тұрсын Мұстафа Шоқайдың Түркістан тарихындағы рөлі туралы сөз қозғады.
Университет басшысы Жанар Амангелдіқызы қадірменді қонаққа алғыс білдіріп, қызметіне табыс тіледі. Ректор: «Мұстафа Шоқай мұрасы – ұлтымыздың темірқазығы, күреске толы өмір жолы – жастарға үлгі!» – деді.

Напишите свой вопрос

 

    ×