Болашақ дәрігерлер Түркия мемлекетінде медициналық білімдерін жетілдіріп келді

GoTurkey II «Istanbul International Medical Summer School 2021» бағдарламасымен медицина және стоматология студенттері және интерндер Түркия мемлекетінде медициналық тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысып қайтты. Бағдарламаның мақсаты – болашақ дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе жетілдіру сонымен қатар Түркия мемлекетінің денсаулық сақтау жүйесі және ауруханаларымен танысу.
Аталған бағдарламаға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Астана медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Казахстан-Ресей медицина университеттерінен 270 (бакалавр, интерн және резидент) студент қатысты.
Бағдарлама жетекшісі – ХҚТУ медицина факультетінің деканы Ықылас Молдалиев, бағдарлама координаторы – медицина факультетінің «жалпы медицина» мамандығы бойынша 6-курс интерн Шамсудин Қанат.
Болашақ дәрігерлер бағдарлама аясында түрік тілі курстарын оқыды және Liv Hospital, Erdem Hastanesi, Florence Nightingale Hastanesi, Gaziosmanpaşa Hastanesi сынды ауруханалармен танысып, жетекші мамандардан сабақтар алды. Хирургия, терапия, қоғамдық денсаулық сақтау және т.б тақырыптар бойынша семинарлар мен мастер-класстардан өтті. Студенттер Түркия мемлекетінің Каппадокия мен Паммуккале сияқты інжу маржандарымен танысты.
Сонымен қатар Шахмардан Есенов атындағы фонд және Конрад Аденауэр фондының стипендиаты Шамсудин Қанат аталмыш фонд стипендиясын және тағы басқа гранттарды қалай жеңіп алу туралы семинар өткізді.
Бағдарлама соңында студенттер өткен материалдар бойынша тест тапсырды. Барлық қатысушыларға аталмыш ауруханалар арнайы сертификаттар тапсырды.

Напишите свой вопрос

 

    ×